preloader

Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ

2025 жылдың 26 мамырында ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Алматы облысы өкілдігінің тапсырмасына сәйкес Райымбек аудандық “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде ауыл имамдарына арналған жиналыс өтті.

Ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Құрбан айт мерекесіне дайындық барысын пысықтап, имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:

  • мешіттерді безендіру,

  • баннер ілу,

  • құрбан шалу рәсімдерін жүйелеу,

  • мерекелік және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру,

  • спорттық жарыстар өткізу,

  • айт дастарқандарын жайып, бауырсақ пен тәттілер тарату сынды жұмыстар қолға алынуы тиіс.

Жиын барысында халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау – әрбір имамның рухани әрі адами міндеті екені баса айтылды. Қасиетті Құрбан айтты жоғары деңгейде, елге қуаныш сыйлайтындай етіп өткізу – ортақ жауапкершілік.