“ОТБАСЫ – ӨМІР ТІРЕГІ” АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
2025 жылдың 26 мамырында Алатау қаласы, Жетіген шағын ауданындағы №5 мектеп қабырғасында тағылымы мол, жүрекке жылу ұялатқан “Отбасы – өмір тірегі” атты рухани іс-шара өтті. Шараны “Отбасын қолдау орталығы” КММ мен “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінің жанынан құрылған “Асыл аналар” әжелер мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
Көрегендік пен руханиятты ұштастырған жиында Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы, “Асыл аналар” мектебінің төрайымы Салтанат Қайроллақызы және мешіт ұстазы Бақытнұр Төлеуқызы отбасы құндылықтарының мәні жайлы мазмұнды баяндамалар жасап, өнегелі кеңестерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Отбасы банк, Мансап орталығы және Отбасын қолдау орталығы мамандары қатысып, өз салалары бойынша кеңес беріп, тұрғындар сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Шара – отбасы институтының маңызын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық тәрбие мен рухани тұтастықты дәріптеу мақсатын көздеді. Қатысушылар шарадан ерекше әсер алып, мұндай рухани басқосулардың қоғамға қажет екенін зор ықыласпен атап өтті.



