ШОНЖЫДА «АТА-АНАҒА ҚҰРМЕТ» ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
«Шонжы политехникалық колледжінің» тәлімгер шәкірттерімен кездесу барысында Ринат Маратұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Ата-анаға құрмет» тақырыбында әсерлі насихат айтты.
Жастарға ата-ананың орнын ұлықтап, оларға құрмет көрсету — имандылық пен ізгіліктің негізі екенін терең түсіндірген рухани кездесуде тыңдаушылар жүрекке жол тапқан тағылымды ойлармен сусындады.
Бұл игі шара жас буынды рухани тәрбиелеуге, отбасыға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.



