preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында имамдарға арналған білім жетілдіру курсы өтті

Райымбек ауданында имамдарға арналған білім жетілдіру курсы өтті

Алматы облысы, Райымбек ауданында имамдардың діни білімін тереңдетуге арналған жетілдіру курсы жоғары деңгейде өтті.

Курс аясында Құран, фиқһ, ақида, хадис ілімдері мен ҚМДБ-ның концептуалдық құжаттары бойынша тағылымды дәрістер жүргізілді. Ауданның бас имамы ауыл имамдарына маңызды құжаттарды кеңінен таныстырып, мәнді де мазмұнды дәріс оқыды.

Нұр-Мүбарак университетінің түлектері, білікті ұстаздар Еркебұлан Сатыбалдиев пен Мейірлан Біләл діни ілімдер бойынша терең сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Аудан бас имамы бұл курс — алда өтетін “С” санатындағы аттестациялық емтиханға дайындықтың маңызды кезеңі екенін атап өтті.