preloader

Жаңалықтар

“Дәстүр керуені” – ұлттық рухты жаңғыртқан сайыс

“Дәстүр керуені” – ұлттық рухты жаңғыртқан сайыс

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Таскескен ауылдық мешітінде аудан ұстаздары арасында ұлттық ойындардан “Дәстүр керуені” атты дүбірлі сайыс өтті.

Шараның шымылдығын Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы ашып, салауатты өмір салты мен бірлікке бастайтын осындай игі бастаманың маңызын атап өтті. Ол жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Ұлттың ұлы мұрасын ұлықтаған бұл сайыста ер азаматтар арқан тарту, қол күрес, садақ ату және мини-футболдан сынға түссе, әйел ұстаздар садақ ату мен тоғызқұмалақтан шеберлік танытты. Жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтар табысталса, сайысқа қатысқан барлық әйел ұстаздарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар берілді.

Шара соңында дін қызметкерлеріне жайылған ақ дастарқан басында ақсақал имамдар ақ батасын беріп, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасады. Бұл басқосу – ұлттық дәстүр мен рухани құндылықты біріктірген тағылымды тәрбие мектебіне айналды.