preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласы мешіттерінде сенбілік өтті

Алатау қаласы мешіттерінде сенбілік өтті

Бүгін, Алатау қаласындағы мешіттерде бір мезетте сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі іске қалаға қарасты Жетіген, Арна, Заречный, Жаңаарна, Ынтымақ, Жаңадәуір шағын аудандарындағы мешіттер белсене атсалысты.

Сенбілік барысында мешіт аулалары қоқыстан тазартылып, ағаштар мен гүлдер суарылып, жалпы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жамағатпен бірлесе жасалған бұл іс-шара мешіттеріміздің көркіне көрік қосып, жамағатқа жайлы әрі таза орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Аталмыш сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат, сондай-ақ ерікті жастар ұйымдарының өкілдері де белсенді түрде қатысып, ауызбіршілік пен ортақ жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Бұл шара – тек тазалық жұмысы ғана емес, рухани кемелденуге бастар жолдың бірі. Себебі, тазалық – иманнан. Мұндай игі істер жамағат арасында ынтымақ пен бірлікті нығайтып, мешіттің қоғамдағы рөлін арттыра түсетіні сөзсіз.