Іле ауданында сауат ашу курсын тәмамдаған шәкірттер марапатталды
Алматы облысы, Іле ауданы Түймебай ауылындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде қыздар тобының жазғы сауат ашу курсы аяқталып, игі шара өтті.
Оқу барысында шәкірттер «Иманды нақтылайтын сөздер», «Дұғалар» және «Имани жаз» кітабы негізінде білім алып, 40 парыздан емтихан тапсырып, жаттаған дұғалары мен мақал-мәтелдерін көпшілік алдында сәтті орындады. Шараға шәкірттердің аналары да қатысып, перзенттерінің жетістігіне куә болды.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы шәкірттерді арнайы марапаттап, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, қыздарын тұрақты түрде мешітке жеткізіп жүрген белсенді аналарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Қорытындысында 42 шәкіртке балмұздақ пен сыйлықтар таратылып, имани біліммен өрілген жазғы курс әсерлі әрі мазмұнды аяқталды.



