preloader

Жаңалықтар

Қарасайлық шәкірттер Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып жарысты

Қарасайлық шәкірттер Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып жарысты

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінде ерекше рухани шара өтті. Жергілікті мешіт ұжымы ұйымдастырған «Алланың 99 көркем есімін жатқа және қазақша мағынасымен оқу» сайысы шәкірттер арасында үлкен серпіліс тудырды.

Сайыс шымылдығын мешіттің бас имамы Құдайберген Шохан ашып, «Алланың көркем есімдері» жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерінен мысалдар келтіре отырып, бұл білімнің иман мен танымға қосар үлесі мол екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, Құдай разылығы үшін жасалған әрбір талпыныстың сауаппен өлшенетінін еске салды.

Жалпы саны 150 үміткер қатысқан бұл жарыс бірнеше топқа бөлініп өткізілді. Әр шәкірт Жаратушының көркем есімдерін жатқа айтып қана қоймай, оның қазақша мағынасын да мәнерлеп жеткізуге тырысты. Бұл – балалардың тілдік әрі діни танымын қатар дамытқан тың бастама болды.

Ұлдар арасындағы нәтиже төмендегідей болды:

Әлиф тобы:
🥉 3-орын – Елбай Бақытберей
🥈 2-орын – Мұрат Асан, Қуандық Рамазан
🥇 1-орын – Нұрғалы Жасұлан

Бә тобы:
🥉 3-орын – Бектас Мұхаммедәли
🥈 2-орын – Айбек Ахмед
🥇 1-орын – Жұмабай Әбілхайр

Тә тобы:
🥉 3-орын – Махамбетұлы Махди
🥈 2-орын – Базарбай Нұрдаулет
🥇 1-орын – Ерболұлы Бақберді

Қыздар арасындағы үздіктер:

Әлиф тобы:
🥉 3-орын – Дауылбай Еркеназ, Құдайберге Альбина, Нұрғали Әсемай
🥈 2-орын – Жетес Балауса, Ирзахмат Әдемі
🥇 1-орын – Жұмабай Аяна, Мұрат Мариям

Бә тобы:
🥉 3-орын – Жұбатқан Мадина
🥈 2-орын – Мыңсызбай Іңкәр
🥇 1-орын – Жаңбырбай Медина

Бұл игі шара шәкірттердің жаттау қабілетін шыңдап қана қоймай, жүректеріне имандылық дәнін септі. Сонымен қатар, Алланың есімдерін тану арқылы балалар дініміздің терең рухани сырларына бойлады.

Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан жылы лебіздер мен қолдаулар айтылып, жарыс соңында үздік шыққан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.