preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: 400 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫ: 400 БАЛАҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде аудан имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты аудандық қайырымдылық шарасы өтті.

Аудан имамы жиналған жамағатқа «Мектепке жол» қайырымдылық шарасының мақсатын түсіндіріп, ауыл имамдары әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 400 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған мектеп сөмкелерін табыс етті.

Бұл игі шара балалардың жүзінде қуаныш, жүрегінде үміт отын жағып, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауына себеп болды.