preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында жарты жылдық қорытынды жиын өтті

Алматы облысында жарты жылдық қорытынды жиын өтті

Бүгін Қапшағай қаласындағы облыстық орталық мешітте Алматы облысы өкілдігінің жарты жылдық қорытынды жиыны ұйымдастырылды. Жиынға облыстың бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы төрағалық етті.

Басқосуға облысқа қарасты 9 аудан мен 1 қаланың бас имамдары, сондай-ақ түрлі бағыттарға жауапты имамдар толық құрамда қатысты. Кездесу барысында «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында дін мен дәстүрді ұлықтау, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағыттарында атқарылған жұмыстардың есептері тыңдалды.

Мадияр қажы Тағайбайұлы аудан имамдарының есептерін сараптап, алдағы уақытта «Халал Даму» орталығы, «Тауаф Тревел», Мешіт істері, Жастар ісі секторы және Уақып қорының жұмысын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.