preloader

Жаңалықтар

Шонжы ауылында “Отбасы – Алланың нығметі” атты тағылымды кездесу өтті

Шонжы ауылында “Отбасы – Алланың нығметі” атты тағылымды кездесу өтті

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында тағылымға толы кездесу ұйымдастырылды. Шара “Отбасы – Алланың нығметі” тақырыбында өтті.

Кездесуге арнайы Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысып, жиналған жамағатқа отбасының Исламдағы орны мен мәні жайлы насихат айтты.

Шара барысында жас отбасылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы кеңестер берілді. Әсіресе, дініміздегі отбасыны нығайту жолдары, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік тақырыптары қозғалды.

Кездесу қазақтың ежелгі салт-дәстүрі, яғни тұсау кесу рәсімімен аяқталды.