preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

Балқаш ауданында «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

Тамыз айында Алматы облысы, Балқаш ауданында «Имани жаз – 2025» атты жазғы сауат ашу курсы өз аяқталуын тапты. Биылғы курсқа барлығы 55 бала қатысып, оның ішінде 5 ұл және 50 қыз бала діни білім алды. Сабақтар «Имандылық әліппесі» мен «Құран әліппесі» атты оқу құралдары негізінде жүргізілді.

Курс аясында балалар тек діни білім алып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына бағытталған түрлі тәрбиелік және танымдық іс-шараларға да қатысты. Шәкірттер білім сайыстарында бақ сынап, мұражайларға барды, ойын-сауық орындарына саяхат жасап, мазмұнды әрі рухани жазды өткізді.

Айта кетсек, «Оспанқожа ата» мешітінде өткен салтанатты шарада курс түлектеріне арнайы сертификаттар табысталды. Шара барысында аудан имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Турежанов шәкірттерге ақжарма тілегін білдіріп, дәріс берген Сарағаш медресе-колледжінің 3-курс студенттеріне алғыс хат табыс етті.

Курс барысында тәжірибе жинақтаған болашақ ұстаздарға аудан имамы ризашылығын жеткізіп, олардың діни білімді жеткізудегі белсенділігін жоғары бағалады.