preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында «Мектепке жол – 2025» қайырымдылық шарасы кең көлемде өтті

Алматы облысында «Мектепке жол – 2025» қайырымдылық шарасы кең көлемде өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының дәстүрлі «Мектепке жол – 2025» атты ауқымды қайырымдылық жобасы Алматы облысы мешіттерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және жалғызбасты аналардың балаларына, сондай-ақ ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, олардың мектепке дайындығына жәрдемдесу.
Қайырымдылық шарасының қорытынды кезеңі Қонаев қаласында өтті. Онда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы арнайы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Олар жас ұрпақтың сапалы білім алып, тәрбиелі болып өсуінің маңыздылығына тоқталып, игі іске үлес қосқан демеушілерге алғыстарын білдірді.
Жалпы нәтиже
Облыс көлемінде өткен бұл қайырымдылық жобасы барысында:
3150 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары, 120 балаға мектеп формасы, жалпы құны 350 мың теңге болатын қаржылай сертификаттар табысталды.
«Мектепке жол – 2025» жобасы Алматы облысында жүздеген отбасына қуаныш сыйлап, мыңдаған оқушының жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдетті. Қорытынды шара Қонаев қаласында өтіп, өңірде білімге қолдау көрсетудің және қайырымдылықты дәріптеудің айқын көрінісіне айналды.