preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти Эр-Риядта министрмен ортақ жобаларды талқылады

Бас мүфти Эр-Риядта министрмен ортақ жобаларды талқылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жасаған ресми сапарында осы елдің астанасы Эр-Рияд қаласында Ислам істері және үгіт-насихат жөніндегі министр Абделатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейхпен кездесті.

Кездесуде дінаралық достықты нығайту, дүниежүзі халықтарын бірлік пен бейбітшілікке үндеу, қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты орнатудың маңызы сөз болды.

Министр Бас мүфтидің ұсынысы бойынша Қазақстан мешіттерін қасиетті Құран кітабымен (50 мың дана) қамтамасыз етуге, елімізде өтетін халықаралық Құран байқауына қолдау көрсететінін жеткізді.

Сондай-ақ басқосуда Бас мүфти мен министр игі жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Айта кетсек, Сауд Арабиясының Ислам істері және үгіт-насихат жөніндегі министрі Абделатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейх өткен жылы елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесіп, Бас мүфтиді Эр-Риядқа ресми сапармен келуге шақырған болатын.