preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында кездесу өтті

ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және жастар ісі» бағыты аясында 2025 жылғы 18 қыркүйекте Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Бухарбеков Райымбек электр тарату ауданы мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған шара «Еңбек – бейнет емес, зейнет» тақырыбына арналды. Бас имам еңбек ету – адамның адалдығы мен жауапкершілігінің айғағы екенін, адал еңбекпен табылған ризықтың берекелі болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еңбекке қатысты хадистерінен мысалдар келтіріп, еңбекқорлықтың отбасы құндылықтарымен тығыз байланысты екеніне тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды жауап алды. Жиын соңында аудан имамы дұға жасап, игі тілек білдірді.
Бұл шара еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы рөлін насихаттаумен қатар, жастарды адал еңбекке тәрбиелеудің маңызын көрсетуді көздеді.