preloader

Жаңалықтар

Боралдайда аудандық Құран жарысы өтті

Боралдайда аудандық Құран жарысы өтті

Мәуліт айына орай Алматы облысы, Іле ауданы Боралдай кентіндегі «Арын қажы» мешітінде жасөспірімдер арасында жарты параны жатқа оқудан Құран жарысы өтті.

Сайысқа аудан мешіттерінен 8–15 жас аралығындағы 42 оқушы қатысты. Қазылар алқасында Хусниддин Әкбарұлы қари мен Абдынасыр Тайырұлы шәкірттердің қырағатын тыңдап, бағасын берді.

Жеңімпаздарды Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы құттықтап, қаржылай сыйлықтар табыстады:

  • 1-орын – 100 000 теңге: Мақсұт Заңғар («Исмаил ибн Ибраһим» мешіті).
  • 2-орын – 70 000 теңге: Аманбай Ершора («Сманқұл» мешіті).
  • 3-орын – 50 000 теңге: Рахман Райымбек («Арын қажы» мешіті).

Жарыс соңында қатысушыларға сыйлықтар табысталып, дастархан жайылды.