preloader

Жаңалықтар

Отбасындағы Пайғамбар өнегесі – имандылық пен ізгіліктің іргетасы

Отбасындағы Пайғамбар өнегесі – имандылық пен ізгіліктің іргетасы

“Ислам және отбасы құндылықтары жылы” аясында ел ішінде тағылымды шаралар жалғасын табуда. Бүгін жергілікті халықпен, жастармен және мешіт жамағатымен өткен мәнді кездесуде Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков тағылымды сөз сөйледі.

Кездесу Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының құттықтау сөзімен басталып, отбасындағы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесі кеңінен әңгіме болды.

Пайғамбар өнегесі – әр шаңыраққа үлгі

Шара барысында Пайғамбарымыздың отбасы мүшелеріне жасаған мейірімді мәмілесі, әйеліне, балаларына көрсеткен ізеті сөз болды. Жас отбасылардың міндеттері, ата-бабамыз қалыптастырған отбасы институтының құндылығы айрықша аталды.

Жар таңдаудағы жауапкершілік

Кездесуде шариғаттағы жар таңдау мәселесі де кеңінен қозғалды. Дінімізде некеге тұсуда ең әуелі иманға, діндарлыққа көңіл бөлу керектігі айтылды. Құранда Алла Тағала мүшріктер мен кәпірлерге қыз бермеуді ескерткен.

﴿وَلَا تُنْكِحُوا الْمُشْرِكاَتِ حَتَّىٰ يُؤْمِنَّ﴾
«Мүшріктер иман келтірмейінше, оларға (қыздарыңды) үйлендірмеңдер» (Бақара, 221-аят).

Халықтың ыстық ықыласы

Жиын соңында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Қатысушылар шарадан мол тағылым, рухани азық алып, ыстық ықыласын білдірді.

Бұл мақала мешіт жамағатының береке-бірлігін, отбасы құндылықтарының Исламдағы орнын және пайғамбарлық өнегенің заманауи маңызын айқын көрсетті.