Іле ауданында ерекше жандарға Мәуліт дастарқаны жайылды
Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің хатымханасында Мәуліт айына орай қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында зағип жандарға, жалғыз басты аналарға және көп балалы отбасыларға арнайы құрмет көрсетіліп, Мәуліт дастарқаны жайылды.
Жиналған қауымға арналып Құран оқылып, Мәуліт шариф айтылды. Қатысушылар Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі жайлы уағыз-насихат тыңдап, рухани әсер алды.
Шараға жүзге жуық адам қатысты. Оларға Мәуліттен тәтті сарқыт таратылып, игі дәстүр жалғасты.
Мәуліт дастарқаны – мейірім мен бірлікті арттыруға бағытталған игі амалдардың бірі. Осындай қайырымды шаралар қоғамдағы бауырмалдық пен өзара қолдауды күшейтеді.



