preloader

Жаңалықтар

Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында қарттарға құрмет көрсетуге арналған тағылымды шара өтті.

Қазақ халқы қашанда қариясын қадірлеп, ақылын тыңдап, батасын алған. Өйткені қария – ұрпақтың тірегі, шаңырақтың шырағы. «Қариясы бар үй – қазынасы бар үй» деген халық даналығы да осыны меңзейді.

Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жастарға өнеге, қоғамға парасат, отбасына береке сыйлайтын асыл қазына. Олар – өткеннің шежіресі, болашақтың жолбасшысы.

Ата-әжеге құрмет көрсету – ұрпақтың имандылығы мен ізгілігінің белгісі. Қарттарын ардақтаған қоғамның дәстүрі берік, рухани байлығы кемімек емес.