Ұйғыр ауданында жамағат арасында білім сайысы өтті
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы негізінде жамағат арасында білім сайысы өтті. Игі шара қасиетті айдың мәнін арттырып, тағылымды өнеге болды.
Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр қажы Тағайбайұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ өмірін кеңінен таныту, сүннетін ұлықтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мұсылман қауымын бірлік пен ізгілікке шақыру.
Ардақты елшінің ﷺ өнегелі өмірін үйрену – иманды күшейтіп, жүректерді жұмсартады, амалдарды көркем етеді. Осындай тағылымды іс-шаралар жамағаттың ынтымағын нығайтып, рухани дүниемізді байыта түсетіні сөзсіз.



