preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында Қарттар күніне орай ақсақалдарға құрмет көрсетілді

Алатау қаласында Қарттар күніне орай ақсақалдарға құрмет көрсетілді

Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Қарттар күніне арналған тағылымды іс-шара өтті. Жиын барысында елге сыйлы ақсақалдарға дәстүрлі қазақы құрмет белгісі ретінде шапан жабылды.
Іс-шараға қала тұрғындары, мешіт жамағаты мен қоғам белсенділері қатысты. Шараның басты мақсаты – қариялардың қоғамдағы орнын дәріптеп, жастарға өнеге көрсету болды.
Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы сөз сөйлеп, ақсақалдарға ризашылығын білдірді:
— «Қария – қазына. Сіздер елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, ұрпақ тәрбиесінде асыл өнеге қалдырдыңыздар. Қарттар күні сіздерге деген алғысымыздың бір көрінісі ғана. Ал үлкенге құрмет көрсету – біздің мәңгілік парызымыз», – деді ол.
Ақсақалдар да өз кезегінде жастарға ақ баталарын беріп, елдің ынтымағы мен берекесін тіледі.
Қазақ дәстүрінде шапан жабу – сый-құрметтің ең жоғарғы нышаны. Бұл дәстүр арқылы үлкендерге деген ізеттілік пен ұрпақтар сабақтастығы дәріптелді.