Балқаш ауданында «Жомарт жұма» қайырымдылық шарасы жалғасуда
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміздің көптеген өңірлерінде «Жомарт жұма» қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жылдық жоспарға сәйкес Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің ұйымдастыруымен әр жұма сайын аталған игі акция тоқтаусыз жалғасуда. Мешіт ұжымы тұрмысы төмен, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға 100 нанды тегін таратып келеді.
Жамағаттың игілігі үшін жасалып отырған бұл қайырымдылық іс-шараға атсалысып жүрген жомарт жандарға мешіт ұжымы ризашылығын білдіріп, «Сауапты іске мұрындық болушыларға Алла разы болсын!» деген тілек айтты.



