preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «Darhan Dala» жобасы аясында имамдар мұражайға саяхат жасады

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «Darhan Dala» жобасы аясында имамдар мұражайға саяхат жасады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Алматы облысы, Балқаш ауданының бір топ имамдары Желтораңғы ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп жанындағы мұражайға саяхат жасады.

Жобаның басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрге сай киелі және тарихи орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастырып, рухани туризмді дамыту.

Саяхат барысында Балқаш ауданының имамдары Дінмұхамед Қонаевқа арналған мұражайдағы көне жәдігерлермен және тарихи деректермен танысып, рухани әсер алды.