Іле ауданы: 100 адамға қайырымдылық дастарқаны жайылды
Алматы облысына қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде Әйел-қыздар секторының жетекшісі Аринова Майгүл ұстаздың ұйымдастыруымен 100 адамға қайырымдылық дастарқаны жайылды.
Құлшылық үйінде өткен игі шараға жалғызбасты қариялар, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы үлкендерді құрметтеу, кішіге ізет ету, өзара сыйластықтың маңыздылығы жайында уағыз-насихат айтты.
Өз кезегінде келген қонақтар дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.