«Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты білім сайысы Райымбек ауданында өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі, Райымбек ауданы бойынша «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында 2026 жылдың 16 наурыз күні тағылымды шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы «Алжан ата» мешітінің имамы Нұрлан Құттымбетовтың ұйымдастыруымен «Ислам негіздері» курсының шәкірттері арасында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында білім сайысы өтті. Сайысқа барлығы 28 шәкірт қатысып, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін сынға салды. Қатысушылар діни сауаттылық, шариғат негіздері және жалпы ислам ілімдері бойынша бақ сынасып, жоғары белсенділік танытты.
Нәтижесінде:
-
ІІІ орын – Естеу Әлібек (20 000 теңге),
-
ІІ орын – Ерлан Заңғар (30 000 теңге),
-
І орын – Нұртай Саян (50 000 теңге) иеленіп, арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, сайысқа қатысқан өзге шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды. Шараның әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасы құрамында мешіт имамы Нұрлан Құттымбетов төрелік етті. Аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыруға, діни сауаттылықты нығайтуға және рухани тәрбие беруге өз үлесін қосты.



