preloader

Жаңалықтар

«Әш-Шәмәйл әл-Мухаммадия» кітабының қазақша аудармасы жарық көрді

«Әш-Шәмәйл әл-Мухаммадия» кітабының қазақша аудармасы жарық көрді

ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігі ұйымдастырған «Ізгі қоғам үлгісі – Әз Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани кеште имам әт-Тирмизидің «Әш-Шәмәйл әл-Мухаммадия» кітабының қазақша аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Мүфтият» баспасынан шыққан еңбектің тұсаукесер рәсіміне ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші Сәкен Кәрімұлы, өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақын Ұлықбек Оразбайұлы, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Сапарұлы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысты.

Ғасырдан ғасырға жалғасып құндылығын жоғалтпаған іргелі еңбекті Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы Бағылан Болатбекұлы аударғанын айта кеткеніміз жөн.