preloader

Жаңалықтар

150 отбасыға қыстық киімдер үлестірілді

150 отбасыға қыстық киімдер үлестірілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде кезекті ауқымды қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында мешіт тізімінде тұрған 150 отбасының ересектері мен балаларына қыс мезгіліне арналған жылы киімдер табыс етілді.

«Зекет және қайырымдылық» қоры игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!