preloader

Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Алматы қаласы “Бәйкен” мешітінде “ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ” атты семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы, ұстаз Назерке Әкішқызы лектор ретінде шақырылды.
Алматы облысы “Әжелер мектебі” төрайымы Мүнәйім Арынқызы қонақ ретінде қатысты. Назерке Әкішқызы өз баяндамасында жиналған жамағатқа туған елін жақсы көру,
туған елінің қадір-қасиетін түсіну және оны бағалау, бүліктен сақтану, туған елі үшін дұғада болу керектігін, туған елге қызмет ету туралы айтты. Жиналған жамағатқа тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, өз Отанымызды жақсы көріп, елімізге пайдалы болуға шақырды. Ұлттық сана мен сенімге темірқазық болған семинар ұйымдастырушыларына алғыс айтылды.