70 шәкіртке “Көңілімнің көктемі- құран” атты тәж кигізу рәсімі өтті
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде Севара Сабурова ұстаздың жетекшілігімен құран оқып үйренген 70 шәкірке “Көңілімнің көктемі- құран” атты тәж кигізу рәсімі өтті.
Ислам және отбасы құндылығына жылына орай «Әйел және отбасы» тақырыбыда дәріптелді. Бұл рухани кешке 300-ден аса нәзік жандылар жиналды. Осыған дейін өткізілген жазғы маусымда 40 шәкіртке тәж кигізу рәсімі ұйымдастырылған. Іс-шарада әйел-қыздар секторы Назерке ұстаз және аудан әйел қыздар секторлары Бұлбұл, Роза, Қымбат, Амина ұстаздар жиналған жамағатқа уағыз-насихаттарын айтты. Сондай-ақ, 1-ақпан бүкіл әлемдік хиджаб орамал күнімен қатар келген бұл мерекеде әр бір келген мейман рухани кештің атмосферасын сезініп, имани азық алып, дастарханнан дәм татып, керемет жиынның куәсі болды. Шараға жиналушыларға иләһи хор мен “Үкілім-ай” домбыра ансамбльі шақырылып, жамағатқа танымдық сұрақ-жауаптар қойылып, сыйлықтар берілді.
Рухани кештің екінші бөлімінде 70 шәкіртке тәж кигізіліп, сертификат табысталды. Жжамағат пен меймандар ризашылықтарын білдіріп өз толғаныстарын жасыра алмады. Кеш қорытындысы ретінде мешіт имамы Шохан Құдайбергенұлы сөз сөйлеп, құранға түсуші жамағатқа батасын берді. Ал, әйел жамағаты белсенділеріне алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, мешіт ұстазы осы кештің және мешіттің әр бір іс-шарасын ұйымдастырушы, креативті Севара ұстазға “Ұмра қажылығы” сапары тосынсый ретінде берілді.