preloader

Жаңалықтар

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕНІҢ КЕНІ АТТЫ ШАРА ӨТТІ

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕНІҢ КЕНІ АТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҚМДБ ның “Ислам және отбасы құндылығы” жылының аясында “Дін мен дәстүр” бағыты бойынша Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлының ұйымдастыруымен ауыл имамдары аудандағы  “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығындағы әжелер қауымымен және басшысы Омарова Балжан ханыммен “Әжелер мектебі-тәрбиенің кені” тақырыбында үлкен дөңгелек үстөл өткізді.

Шараны аудан имамы ашып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Өз кезегінде Омарова Балжан ханым сөз алып,орталық қызметі жәйлі, әжелеріміздің ол жерде қандай жақсы жұмыстармен айналысып жатқандығы, қоғамды гүлдендіріп,ұрпақ тәрбиелеу ісінде әжелеріміздің орнының ерекше екендігін жеткізді. Әжелеріміз де өз ойлары мен өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Ауыл имамдары да сүбелі сөз қозғап, әжелердің қоғамдағы орны туралы әңгімелерін айтты.Отбасылық мәселелер мен келін-ене арасындағы қарым-қатынастар туралы керемет ойлар айтылды.
Шара соңынан ардагер имам бата жасап, әжелер алғыстарын айтып тарқасты.