preloader

Жаңалықтар

Абақтыдағы нәзік жандарға семинар өтті

Абақтыдағы нәзік жандарға семинар өтті

Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, дінтанушы, психолог Назерке Әкішқызы Жауғашты елді мекенінде орналасқанәйелдерге арналған түзету мекемесінде арнайы семинар ұйымдастырды.

«Тәубе деген не?» тақырыбында өткен танымдық шараның мақсаты қатысушыларға ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Барлық Адам баласы қателесуші. Бірақ сол қателесуші пенделердің ішіндегі ең жақсылары – тәубе ететіндері» деген хадисін түсіндіріп беру болды.

Назерке ұстаз күнә істемейтін, қателікке бой алдырмайтын пенде болмайтынын, Жаратушыдан кешірім сұрап, тәубе ету жүрек тыныштығын сыйлайтынын айта отыра, әйелдерге психологиялық кеңестер беріп, сұрақ- жауап викторинасын өткізді.

Семинардан ерекше әсер алып, көздеріне жас алған нәзік жандар ұйымдастырушыларға, ұстазға алғыстарын білдірді.