preloader

Жаңалықтар

«Абдуғаппар Сманов» мешіті ашылды

«Абдуғаппар Сманов» мешіті ашылды

Мешіт – Алланың үйі, руханият орталығы. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылында «Абдуғаппар Сманов» мешітінің ашылу салтанаты болып өтті.

Мешіттің ашылу рәсіміне Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбдужапар Сманов, дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Құран аяттарын оқумен шымылдығы түрілген игі шараның алғы сөзін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы алып, жиналған көпшілікке ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, елді мекен тұрғындарын құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ облыс бас имамы Бас мүфтидің бұйрығын оқып, «Абдуғаппар Сманов» мешітінің имамы болып Рахимов Абдуқалық Абдумәжитұлының тағайындалғанын жеткізді.

Осыдан кейін жаңа мешітте алғашқы жұма намазы оқылып, дүниеден өткен ата-бабаларымыздың рухына Құран бағышталды.