preloader

Жаңалықтар

Әйел жамағаты арасында облыстық Құран жарысы өтті

Әйел жамағаты арасында облыстық Құран жарысы өтті

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық «Қарасай батыр» мешітінде әйел шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық жарыс өтті.

Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, сондай-ақ әйел жамағатының Алланың Кәләмын жаттауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мақсатында жүзеге асқан жарысқа 25-55 жас аралығындағы 68 шәкірт қатысып, «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу аталымы бойынша бақ сынасты.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдеге Элмира Өтегенова лайық деп танылып, ұмра қажылығына жолдаманы жеңіп алды. І орынды Зүлфия Жылқыбаева (100.000 тг) иеленсе, ІІ орын Айжан Таженоваға (70.000 тг), ал ІІІ орын Сания Өнерге (50.000 тг) бұйырды.

«Қарасай батыр» мешітінің имамы Қуаныш Бақытбекұлы және Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы жүлдегерлерді марапаттап, өзге қатысушыларға сыйлықтар табыс етті.

Алматы облысының Әйел-қыздар секторы аталмыш Құран жарысын ұйымдастырған «Қарасай батыр» мешітінің ұстазы Бұлбұл Насырхан ханымға және қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!