preloader

Жаңалықтар

«Әке мектебі – отбасы тірегі» атты облыстық семинар өтті

«Әке мектебі – отбасы тірегі» атты облыстық семинар өтті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлі мен оның маңызын, беделін айқындауды мақсат еткен іс-шараның алғы сөзін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы алып, мың мектепке татитын əке тəрбиесінің маңызы туралы сөз қозғады.

Осыдан кейін ақын, сазгер Қамнұр Тәлімұлы ағамыз жиналған көпшілікпен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, «әке – шаңырақтың тірегі, отбасының тұтқасы» деген қанатты сөзді негізгі ала отырып, болашағымыз үшін әкелер мектебінің қажет екендігіне тоқталды.