preloader

Жаңалықтар

Әскери бөлімде отаншылдық тақырыбы қозғалды

Әскери бөлімде отаншылдық тақырыбы қозғалды

2026 жылғы 30 қаңтар күні Алматы облысы аумақтық қорғаныс бригадасында отаншылдық тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Алматы облыстық Қапшағай мешітінің наиб имамы Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы қатысып, әскери қызметшілермен рухани сұхбат жүргізді. Кездесу барысында елге адал қызмет ету, Отанды сүю, жауапкершілік пен бірлік ұғымдары кеңінен қозғалды.

Имам өз сөзінде отаншылдықтың діни және рухани тұрғыдағы маңыздылығына тоқталып, бейбітшілікті сақтау мен ел тұтастығын қорғаудың әр азамат үшін қасиетті міндет екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кездесу мазмұнды әрі тағылымды форматта қорытындыланды.