preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ИМАМДАРЫМЕН «УАҚЫП» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ИМАМДАРЫМЕН «УАҚЫП» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Алматы облысы, Алатау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» корпоративтік қорының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Нұртай Иманберлиновтың қатысуымен қалаға қарасты мешіттердің дін қызметкерлеріне арналған жиналыс өтті.
Жиналысқа Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысып, уақып мәдениетін дамыту – қоғамдағы ізгілік пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтатын маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ мешіттердің осы саладағы жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың және халық арасында уақыптың мәні мен маңызын кеңінен түсіндірудің өзектілігіне тоқталды.
Жиын барысында Нұртай Иманберлинов «Уақып» корпоративтік қорының негізгі мақсат-міндеттері мен қызмет бағыттарын таныстырып, уақыптың Ислам өркениетіндегі орны, оның мұсылман қоғамының рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі жөнінде жан-жақты баяндама жасады.
Сонымен қатар қор аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, өңірлердегі жұмысты үйлестіру, уақып мәдениетін кеңінен насихаттау, азаматтарды ізгі амалдарға үндеу және қор қызметінің тиімділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу, ақпараттық жұмысты күшейту және есептілік тәртібіне қатысты нақты түсіндірмелер берілді.
Жиналыс барысында дін қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдегі уақып бағытындағы жұмысты жетілдіруге қатысты пікір алмасты. Жауапты маман қойылған сұрақтарға жауап беріп, қор жұмысының алдағы басым бағыттарына тоқталды.
Жиналыс соңында Нұртай Иманберлинов өңірдегі «Уақып» корпоративтік қорының жұмысын жандандыру, уақып мәдениетін халық арасында кеңінен насихаттау, қор жобаларын тиімді жүзеге асыру және ҚМДБ бекіткен тапсырмаларды сапалы орындау бойынша нақты міндеттер жүктеді. Басқосуда берілген бағыт-бағдар мен тапсырмалар Алатау қаласындағы мешіттерде уақып бағыты бойынша атқарылатын жұмыстардың нәтижелілігін арттыруға негіз болады.