preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ:ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА РУХАНИ ДӘРІС ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ:ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА РУХАНИ ДӘРІС ӨТТІ

Алатау қаласы, Жаңадәуір ықшам ауданындағы «Айтақын ата» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани дәріс өтті.

Шараны Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі Алия Машрапқызы ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушыларға Шағбан айының қасиеті мен ерекшеліктері жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Шара рухани сұхбат, пайдалы кеңестер және қатысушылардың өзара пікір алмасуымен өрбіді. Жамағат Шағбан айының мәні мен маңызын терең түсініп, діни білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.
Осындай мазмұнды кездесулер әйел-қыздар жамағатының рухани дамуына септігін тигізіп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуда.