АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Алатау қаласында әйел-қыздар жамағатына арналған «Әйел және отбасы» атты рухани-танымдық семинар өтті. Іс-шара Алатау қаласы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Семинарға Алматы облысы әйел-қыздар секторының жауапты маманы Назерке Жаналиева, «7 Нүкте» Брайль үлгісіндегі білім беру орталығының ұстазы Айнұр Хумарбекқызы, Алатау қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақытгүл Азимбаева және әйел-қыздар жамағаты қатысты.
Іс-шара барысында «Ислам және адал қоғам жылы» аясындағы бағыттар түсіндіріліп, әйел мен отбасы құндылықтары жөнінде тағылымды насихат айтылды.




