Алатау қаласында дін қызметкерлеріне арналған «Пәтуа» семинары өтті
Алатау қаласында дін қызметкерлеріне арналған «Пәтуа» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Құрбанов Бауыржан Омарұлы жүргізді.
Семинар барысында наиб имам Мүфтият баспасынан жарық көрген пәтуа кітаптарын таныстырып, олардың мазмұны мен діни қызметтегі маңызына кеңінен тоқталды. Аталған еңбектердің имамдар мен дін мамандары үшін сенімді дереккөз екені атап өтіліп, пәтуалардың қоғамдағы өзекті діни мәселелерді шешудегі рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар жиын аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған концептуалды құжаттар таныстырылды. Құжаттардың мазмұны, негізгі бағыттары және діни қызметкерлер жұмысындағы орны кеңінен баяндалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



