preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алатау қаласында ҚМДБ-ға қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Алматы облысы филиалының директоры Жанабек Құлмановтың қатысуымен дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында «Зират және зиярат мәдениеті» және «Ас беру мәдениеті» тұжырымдамалық құжаттары кеңінен түсіндірілді. Семинардың мақсаты — жерлеу және ас беру дәстүрлерін шариғат талаптарына сай, ысырапшылдыққа жол бермей, ұлттық құндылықтармен үйлесімді түрде жүзеге асырудың маңызын түсіндіру.

Семинарда зират мәдениетін қалыптастыру, зиярат әдебін дұрыс түсіндіру, қабір басында шектен шығушылыққа жол бермеу мәселелері айтылды. Сондай-ақ ас беру кезінде дарақылық пен бәсекелестікке жол бермей, қарапайымдылық пен сауап ниетті алдыңғы орынға қою қажеттігі атап өтілді.

Кездесу барысында дін қызметкерлері өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Семинар қорытындысында аталған құжаттарды жамағат арасында кеңінен түсіндіру, бірізділікті сақтау және дәстүр мен дін сабақтастығын нығайту қажеттігі атап өтілді.