preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында дін қызметкерлеріне «Уақып» қоры бойынша семинар өтті

Алатау қаласында дін қызметкерлеріне «Уақып» қоры бойынша семинар өтті

Алатау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған арнайы семинар өтті. Іс-шараны қордың Алматы облысы бойынша жауапты маманы Нұртай Иманберлинов жүргізді.

Семинар барысында қатысушыларға «Уақып» қорының 2025 жылы атқарған жұмыстары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар қор қызметінің маңыздылығы түсіндіріліп, ел игілігі жолындағы жобаларға дін қызметкерлерін белсенді атсалысуға шақыру бағытында насихат жұмыстары жүргізілді.

Кездесу аясында қордың негізгі бағыттары бойынша мазмұнды баяндама жасалды. Атап айтқанда, «Қазақ Құран баспасы» жобасы, қайырымдылық бағыты, «Уақып» қорының кәсіптік қызметтері, қор өнімдері, уақып және уақыпнама жүйесі, сондай-ақ ақпараттық бағыттағы жұмыстар жан-жақты таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер дін қызметкерлерінің қайырымдылық және уақып саласындағы білімін арттырып, ортақ іске жұмыла қызмет етуге серпін беретіні атап өтілді.