Алатау қаласында «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар өтті
Алатау қаласында «Аталар мектебі» мүшелеріне арналған «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Аталған тағылымды шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысып, отбасы құндылықтары, адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөнінде кеңінен насихат жүргізді. Өз сөзінде бас имам отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтіп, әрбір азаматтың өз шаңырағындағы жауапкершілікті сезінуі аса маңызды екенін жеткізді.
Семинар барысында қатысушыларға ұлттық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ отбасы бірлігін сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы отбасы институтын нығайту жолдары да талқыланды.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.



