preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында “Құранмен нұрланған жүрек” атты рухани іс-шара өтті.

Алатау қаласында “Құранмен нұрланған жүрек” атты рухани іс-шара өтті.

Алматы облысы, Алатау қалалық “Қожа Ахмет Ясауи” мешітінде “Құранмен нұрланған жүрек” атты тағылымды рухани іс-шара өтті.
Шара аясында Алатау қаласына қарасты Жетіген, Заречный және Ынтымақ шағын аудандарының мешіттерінде білім алған 35 шәкіртке тәж кигізу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараны Алатау қаласы әйел-қыздар секторына жауапты Бақытнұр Төлеуқызы мен Ынтымақ шағын ауданы мешітінің ұстазы Гүлжанат Акишқызы ұйымдастырды.
Рухани кеш Құран оқумен басталып, Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы шәкірттер мен ата-аналарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Бас имамның құттықтауынан кейін Ережепхан ақсақал батасын беріп, шәкірттерге сәттілік пен береке тіледі.
Сонымен қатар, шараға “7 нүкте” Брайль үлгісіндегі білім беру орталығының ұстазы Айнұр Хумарбекқызы арнайы қатысып, шәкірттерге насихат айтып, рухани бағыт-бағдар берді.
Іс-шара барысында шәкірттер сахнаға шығып, Құран аяттары мен хадистерді оқып, өз білімдерін ортаға салды. Марапаттау сәтінде шәкірттерге Алғыс хаттар, Ленталар, Тәждер және Құран кәрім сыйға тартылды. Сондай-ақ гүл шоқтары табыс етіліп, ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында барша қатысушыларға дастархан жайылып, шәкірттер мен ата-аналар рухани қуанышқа бөленді.
“Құранмен нұрланған жүрек” атты бұл тағылымды іс-шара шәкірттердің рухани дамуына серпін беріп, Алатау қаласында Құран ілімін дәріптеу мен имандылықты нығайтуға бағытталды.