preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында «Қызға қырық үйден тыйым» атты тағылымды кездесу өтті

Алатау қаласында «Қызға қырық үйден тыйым» атты тағылымды кездесу өтті

Алатау қаласы, Жетіген шағын ауданы №6 мектепте «Қызға қырық үйден тыйым» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Алатау қалалық қоғамдық кеңестің төрайымы Риза Сауырбаева, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Алатау қаласы бойынша жетекші сарапшысы Ғ. Сембиев, Алматы облысы әйел-қыздар секторының жауапты маманы Назерке Әкішқызы Жаналиева, сондай-ақ «Асыл аналар» және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында ұлттық тәрбие, қыз баланың әдебі мен ибалығы, қоғамдағы орны, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды. Спикерлер жас ұрпаққа тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын атап өтіп, қыз баланың тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі екенін ерекше жеткізді.

Сонымен қатар жиын барысында қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелері талқыланып, қыз балалардың саналы, парасатты болып өсуіне бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.

Аталған кездесу – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге арналған маңызды рухани шаралардың бірі.