АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Алматы облысы, Алатау қаласына қарасты мешіттерде кезекті сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында мешіттердің ауласы тазартылып, қоқыстар шығарылды, ағаштар мен гүлдерге күтім жасалып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді түрде қатысып, тазалық жұмыстарын бірлесе атқарды. Бұл шара қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындарды игі іске жұмылдыруға бағытталды.
Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.



