preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында шәкірттер емтихан тапсырды

Алатау қаласында шәкірттер емтихан тапсырды

Алатау қаласында «Құран әліппесі» және «Намаз» курстары бойынша мешіт шәкірттеріне арналған емтихан өткізілді.

Шараға Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытының жауапты маманы Сәкен Еншібайұлы арнайы қатысып, емтихан барысын қадағалады. Сондай-ақ Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы шәкірттер мен ата-аналарға ізгі тілегін жеткізді.

Білім сынағына Жетіген, Жаңаталап, Жаңадәуір, Қоянқұс және Дәулет шағын аудандарындағы мешіттерден келген шәкірттер қатысып, алған білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде 26 шәкіртке сертификат табысталды.

Іс-шара соңында Ережепхан ақсақал бата беріп, жас өрендерге ақ жол тіледі. Балаларға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.