preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында «Тайқазан» қайырымдылық шарасы өтті

Алатау қаласында «Тайқазан» қайырымдылық шарасы өтті

Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Аталған игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – ізгілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіліп, көпбалалы және жалғыз басты аналарға 29 азық-түлік себеті үлестірілді.

Шара барысында мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөлініп, қоғамда өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға мән берілді. Осындай қайырымдылық істер – мейірімділік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісі.