preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында уақып тақырыбында семинар өтті

Алатау қаласында уақып тақырыбында семинар өтті

Алматы облысы, Алатау қаласының Заречный ықшам ауданында «Уақып – сарқылмас қазына» атты семинар ұйымдастырылды. Шараны ҚМДБ жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры өткізді. Жиынға қала имамдары мен дін қызметкерлері қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы талқыланды. Баяндаманың негізгі бағыттары төмендегідей болды:

  • «Қасапхана» жобасының маңызы;
  • «Уақып» қорын дамыту жолдары;
  • Қайырымдылық пен діни қызметтің жүйелілігі.

Семинар соңында қатысушылар уақып қызметін жетілдіру және қайырымдылық жобаларын жүйелеу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Бұл басқосу – рухани дамуға серпін беріп, ұлттық құндылықтармен ұштасқан игі бастамалардың айқын көрінісі болды.