preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында «Заң мен дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті

Алатау қаласында «Заң мен дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысы, Алатау қаласында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының қыркүйек айына арналған жоспарына сәйкес әйел-қыздар жамағатына «Заң мен дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті. Жиынның негізгі өзегі – діни құндылықтар мен ел заңнамасының өзара үйлесімділігін түсіндіру, әйелдер жамағатының діни-құқықтық сауатын арттыру және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайту. Семинар барысында дін ұстану еркіндігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қолданыстағы заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті құрметтеу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар отбасы құндылықтары, әйел адамның отбасындағы орны мен жауапкершілігі, бала тәрбиесі және қоғамдағы әйелдің рөліне қатысты мәселелер қозғалды. Отбасы берекесін сақтауда өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызына тоқталды.
Аталған семинарды Алатау қаласы Ынтымақ шағын ауданындағы мешіттің ұстазы Гүлжанат Әкішқызы ұйымдастырды.
Тағылымды кездесуде көтерілген мәселелер әйел-қыздар жамағатының діни білімін жетілдіріп, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Осындай діни-ағартушылық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.