preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Алматы облысы, Алатау қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу аясында мешіт ғимаратының ішкі бөлігін жаңарту, қабырғалар мен төбелерді әрлеу, намазхана аумағын көркейту және инженерлік жүйелерді ретке келтіру жұмыстары қолға алынған.
Ғимараттың өзіндік сәулеттік келбеті мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері сақталып, мешіттің ішкі көрінісін жаңғыртуға ерекше мән берілуде.
Жұмыс барысында жамағатқа қолайлы жағдай жасау, құлшылық орнының тазалығы мен көркемдігін арттыру басты назарда.
Мешіт – мұсылман қауымының құлшылық жасап қана қоймай, діни білім алып, тағылымды тәрбие мен насихатқа сусындайтын рухани ордасы. Осыған орай мешіттің жағдайын жақсарту – жамағат игілігіне бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып, құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда.